"Енді менде жаңа есім - Исламбек": Атышулы Балтабек азан шақырып, атын ауыстырды

Балтабек өз есімі азан шақырылып қойылмағанын да жасырмады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

"Мен атымды қойған адамнан: "менің атым азан шақырылып қойылған ба?" деп сұрадым. Ол "жоқ" деді. Сондықтан мен бұл олқылықтың орнын толтыру үшін, тұрғызылғанына ғасыр толған мешітке барып, атымды азан шақыртып қойғызып алдым. Енді менде жаңа есім – "Исламбек". Құжат бойынша Балтабек. Ал азан шақырылуы бойынша есімім – Исламбек. Жаңа Қазақстан құру үшін адамда жаңа есім болуы керек деп шештім. Дұрыс па?", деп жазды.  

"Бұл есімнің жауапкершілігі бар. Ондай есіммен біреуді өтірік мақтауға болмайды", "Исламбек деген аттан садаға кет!", "Атыңды қойған адам арақ ішіп кеткен жоқ па", деп жазды оқырмандар.