Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл түзету Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасына енгізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңда мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдардың сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен табыс алу құқығы бекітілетін болады. Осыған ұқсас норма Мемлекеттік қызмет туралы заңда бар және қолданылады. “Үкімет туралы” Конституциялық заңда және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңда мұндай тыйым көзделмегендіктен, “Мемлекеттік қызмет туралы” заңда Үкімет мүшелеріне өздеріне тиесілі тұрғын үйді жалға беруге тыйым алынып тасталады. Яғни Үкімет мүшелері басқа мемлекеттік саяси қызметшілермен қатар, оларға тиесілі тұрғын үйді жалға бере алады, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов.
Өзгерістер мемлекеттік қызмет туралы заңға қатысты және үкімет мүшелеріне тиесілі жылжымайтын мүлікті жалға беруге тыйым салуды алып тастауды көздейді, бұл оларға осы қызметтен кіріс алуға мүмкіндік береді.
Бүгін Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Еске сала кетейік, осыған дейін Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Мәжіліс кулуарында неше қазақстандық шетелде жазасын өтеп жатқанын айтты. Депутаттар интернеттегі контентті бақылауға алуды ұсынды. Сондай-ақ Қазақстан мен Вьетнам азаматтары жазасын өз елдерінде өтей алатыны туралы да жаздық.