Ендi мұғалімдер үй-үйді араламайды – Ерлан Сағадиев

Елiмiздiң ұстаздарына өзiнiң тiкелей мiндеттерiнен басқа жұмыстарды iстеуге тыйым салынады. Бұл туралы ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Ұстаздарды өзiнiң қызметiнен басқа шаруаларға мiндеттеуге тыйым салынады. Бұл – үлкен жұмыс. Соған қарамастан бұл iстi қолға алдық. Бiз мұғалiмдер өзіне мiндеттелген жерлердi аралап, талдау жасап, түрлi карточкалар мен жол жүру билеттерiн тарататынынан хабардармыз. Жұмысты ұстаздарды үй-үйді аралатып, статистикалық мәлiметтер жинауға тыйым салудан бастаймыз», - дедi Е.Сағадиев.

Сондықтан, оның айтуынша, министрлік басқа органдармен бiрлесiп, ұстаз еңбегiн осы мақсатта пайдалануға тыйым салатын бiрқатар бұйрық пен қаулы шығармақ.


Айта кетейік, бүгiнгi жиында министр БҒМ Қаржы министрлiгi және Бас прокуратурамен бiрлесiп, мұғалiмдердiқағазбастылықтан құтқаратынын да мәлімдеген болатын.