Әлем чемпионаттарында Қазақстанның қоржынына жүлде салған спортшылар мен бапкерлердің төлемақысы 4 есеге өсетін болады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz
Министрлік өкілдерінің сөзінше, Қазақстандағы олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындардың, және әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жаттықтырушылары осыған дейін 24 АЕК, яғни 73 512 теңге төлемақы алса, енді 100 АЕК - 306 300 теңгеден алатын болады.
Бұл өзгеріс спортшыларға ғана емес, олардың жаттықтырушыларына да қатысты. Яғни жеңімпаздар мен тәлімгерлер өмір бойы алатын ай сайынғы материалдық көмекке құжат тапсыра алады.