Білім министрлігі мұғалім боламын деушілерге талапты осылай күшейтіп отыр. Тесттен кейін тапсырылатын білім сынағы - шығармашылық емтихан деп аталады. Бұл нағыз мамандарды іріктеп алу үшін жүргізілмекші. Осы арқылы жастардың да білімі артады дейді Сәрінжіпов. Жаңа жүйе алдағы жылдан бастап енгізіледі. Бұдан бөлек, Денсаулықсақтау министрлігі де дәрігер болғысы келгендер үшін осындай емтихан өткізуді жоспарлап отыр. Бірақ оның қашаннан іске асатыны әзірге белгісіз.
Loading...