Ендігі жылы жәрдемақы мен зейнетақы 20%-ға өседі

2016 жылы баланың туылуына байланысты төленетін жәрдемақы 66 мың 621 теңгені құрады.



Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев зейнетақы және баланың туылуына байланысты төленетін бір реттік жәрдемақы көлемін 2017 жылы 20%-ға өсіруге өкім етті. "Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай үкіметке келесі жылы зейнетақы көлемін 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға арттыруды тапсырамын", — деді Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты отырыста.