Бұл туралы жұлдызды отбасы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Келінімізге бұған дейін көлік сыйладық. Енді туған күніне әрі ТөреАхметті дүниеге әкелгеніне Төреш үшеуміз бір сыйлық алдық. Мен таңдадым, ұната ма ұнатпай ма көреміз. Дүние тозса да, өзің тозба”, - деді Төреғалидың анасы.
Желі қолданушылары ене мен келін арасындағы сыйластыққа тәнті болған.
”Ене мен келін осындай болсын”, “Енесі де, келіні де керемет жандар”, “Толқын енесін анасынан артық жақсы көретін сияқты”, “Осындай келінді бағалаған отбасыға рақмет”, “Толқын барлық сыйлыққа лайық”, - деп жазды олар.