Ал енесі келінін қорғаштап жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Экспресс К.-ке сілтеме жасап.
Facebook әлеуметтік желісінде пайда болған видео қызу талқыланып жатыр. Онда іс тігіп отырған енесі мен көрпенің астында жатқан келінді байқауға болады.
Бейнежазба авторы келіннің бұл әрекетін қатты сынға алды. Ал енесі керісінше келіні ауырып қалғанын айтып, барынша оны қорғаштауға тырысқан.
Желі қолданушылары да "Иә, ауырып жаткан шығар? Екіқабат шығар? Демалсын арасында", "Бір нәрсенің байыбына бармай-ақ мың саққа жүгіртуге алдымызға жан салмаймыз-ау", "Адам ғой, ауырып жатқан шығар", —
деп түрлі пікір қалдырды.