Ең арзан ұшақ билетін ұшардан 53 күн бұрын алуға болады


ал ең төмен баға сейсенбі күндері ұсынылады, делінген Momondo.fr іздеу жүйесінің зерттеуінде.
Биылғы жылы негізгі жүз бағыттағы 7,5 млрд тарифке талдау жүргізу барысы көрсеткендей, броньдау уақыты, сондай-ақ ұшатын күн мен ұшу сағаты билет бағасында маңызды рөл атқарады. Ең тиімді тариф орташа алғанда, ұшардан 53 күн бұрын бронь жасаған кезде мүмкін болады. Бұл билеттың толық құнынан 29% үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, сейсенбі арзанырақ  ұшу билеті ұсынылатын күн. Ең жоғарғы тариф сенбіге келеді.
Сарапшылар атап көрсеткендей, арзан билет іздеу кезінде ұшуға тал түсті емес, кешкі уақытты таңдаған жөн.