Биылғы форум өз тарихындағы ең ауқымдысы болмақ. Индонезия президенті Джоко Видодо, Непал президенті Рам Баран Ядав, Австралияның генерал-губернаторы Питер Косгроув, Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте, Замбия президенті Эдгар Лунгу, РФ үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов - барлығы 16 қытайлық және шетелдік басшылар аталған жиынға қатысады. Түрлі елдерден келген министрлердің саны 80-нен асады, кәсіпкерлер де көп болады деп күтілуде.
Форумда ҚХР төрағасы Си Цзиньпин баяндама оқиды.
Қызу талқыланатын тақырыптардың бірі - Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ). АИИБ ережелері, қызметі және оның болашақ халықаралық қаржы тәртібіне тигізетін әсері сынды мәселелер үнемі БАҚ пен инсайдерлердің назарында болады.
«Бір белдеу - бір жол» жобасы да көпшіліктің қызығушылығын тудырады.