"Ең бастысы ниет": Сәуле Әбілдаханқызы бес балықты құрбандыққа шалғанын айтты

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында балық аулап отырған видеосын жариялады.  Видеода: "Құрбандыққа бес түйір балық шалдық", деп жазылған. 

Оқырмандар " Ең бастысы ниет", "Саулешка, бұйырған, бастысы пейілі түзу болса болды", "Қармағыңыз қарымды болсын ", деп жазды.  

Айта кетейік, шілде айының 9,10,11- ші жұлдызы да күллі мұсылман халықтарының құрбан айт мерекесі өтті. Шамасы жеткен әр мұсылман құрбан шалып, таратты. 

Құрбандыққа қой, ешкі, ірі қара немесе түйе шалынады.