Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы автордың Facebook парақшасында жарияланған жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Есте сақтаңыз "Алекс Лесли!"
Оны күтіп алған, қарсы алғанды есуас адам деп санайтын боламын. Қанша жерден "сыйлы адам" болса да, аяқ киіміне түкірмесем, қолымды бермеспін... Өз әйелдерін қорлаудан қорғай алмайтын ұлт - біткен ұлт. Кавказдық бауырларымнан кешірім сұраймын. Бірақ неге мұндайлар Кавказ туралы ештеңе жазбайды. Себебі Кавказ халқы әр уақытта өз әйелдерін қорғайды", – деп жазды ол.
Айта өтейік, Алекс Лесли лақап атымен танымал Александр Куриллов 19-27 қараша аралығында Алматы қаласында қыздарды арбау техникасы бойынша тренинг өткізетінін мәлімдеген. Сондай-ақ, "Еліктіру бойынша танымал тренинг Қазақстанда, көшеде әдемі қыздары көп Алматыда демалыс пен қыздарды арбауды үйлестірудің ең тиімді нұсқасы", – деген жазбасын желіде бөліскен.
"Расында да неге осылар каваказдықтарға ештеңе дей алмайды, өтйкені олар басындырмайды", "Мынау енді таза басыну, қазақ қыздарыныда несі бар", "Расынмен арандату үшін істеп отырған сияқты", деп жазды оқырмандар.