Бұл туралы ол журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
— Айлығыңызды білмейсіз.
— Айлығым шамамен енді екі жүз мың теңге. Өтірік айтпаймын.
— Бюджеті қанша?
— Бір 17-18 млн теңге болуы мүмкін.
— Енді қараңыз. Бірінші еден жуушылармен барып сөйлестім. Солардың айлығын білемін нақты. Ең көбі — 56 мың теңге. Ойлаңызшы — 56 мың теңге. 56 мың теңгеге адам жұмыс істей ме? 56 мың теңгеге адам 11,5 мың шаршы метр жуа ма?
— Қазақстанда жұмыс істейді.
— Көрдің бе? Менің жұмыс істеп отырғаным орталығымда осындай айлық. Ол жерде ең жоғары айлық менікі болса — әрі кетсе 200 мың шығар. Ол жерде әншің бар, әртісің бар, басқасы бар. Ешқайсысының айлығы 100 мың теңгеден аспайды, - деді Зайтов сұхбат барысында..