«Ең қадірлі әйел» атағы Анджелина Джолиге бұйырды

Асығы алшысынан түскен актриса байқау нәтижесі бойынша Британияның корольдік жанұясының жомарт бикештері мен құқық қорғаушылығымен кеңінен танылған мұсылман қызы Малала Юсафзайды да басып озған көрінеді.

YouGov жасаған сауалнама барысында «Ең қадірлі әйел» атағына үміткерлікке Ангела Меркель, Хиллари Клинтон және Соня Ганди сынды әлемге белгілі қайраткерлер ұсынылған. Сауалнама сұрақтарына берілген жауаптар арасында құрмет пен бағалауға лайықты деп Анджелина Джоли есімі көп аталған.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі арнайы елшісі, голливудтық жұлдыз және көп балалы ана осылайша «Ең қадірлі жандар» тізіміндегі бірінші орынды  атақты миллиардер Билл Гейтспен бірге бөлісті.