Үкіметтің 128 теңге деп бекіткен бағасын Аққайың ауданындағы бұл бекет иесі пысқырып отырған жоқ. Жырақтағы ауылға тексерумен ешкім келмейтініне тым сенімді болса керек. Ал аудандағы атқамінерлер қандай да бір шара қолдануға расымен қауқарсыз. Кәсіпкерлік нысанды тексеруге мораторий жарияланған деп қарап отыр.
Марат Қазенов, Аққайың аудандық кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы:
-Біз орта және шағын бизнеске қатысты жарияланған мараторийге байланысты оларды тексере алмаймыз. Сұрастырып көріп едік, «өткен айда бензин тапшылығы байқалғанда, көтерме бағамен қымбатқа алдық» дейді. Енді өз шығындарын осылайша жауып жатқанға ұқсайды.