Қазақстанды Дүниежүзілік сауда ұйымының 162-ші мүшесі ретінде қабылдау салтанаты кеше Швейцарияның Женева қаласында өткенін айта кетейік. Еліміз әлем экономикасының 90 пайызын уысында ұстап отырған ұйымға 96-шы жылдан бері әрекет етіп келген болатын. Бұл ұйымның бірінші кезектегі пайдасы баға түседі. Арзан көлік пен азық-түліктің елімізге ағылатыны сөзсіз. Сондай-ақ инвестиция тартуға да бұл мол мүмкіндік. Енді қаржыны мұнай-газ және тау-кен саласына ғана емес, өндіріске тарту үшін барлық жағдай жасалады, - деді Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Қазір Қазақстанда жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 18 есе ұлғайып, Орталық және Шығыс Еуропа деңгейіне жетті. Сыртқы сауда көлемі 120 миллиард доллар. Біздің сыртқы сауда айналымымыздың 90 пайыздан астамы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерге тиесілі. Қазақстан бүгінде әлемнің 185 мемлекетімен сауда-саттық жасайды. Сондықтан біз бизнесті ашық әрі әділ жүргізуге дайынбыз.
Loading...