Осы орайда үкімет басшысы Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауын мемлекет басшысы алдағы жылдың сәуір айында ортаға салатынын, онда зейнетақы жүйесін дамыту мәселесіне де тоқталатынын еске салды. Осыған байланысты, Д.Ахметовтың айтуынша, "зейнетақы төлемдерінің тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған барлық есептер 1-ақпанға дейін аяқталуы тиіс".
Үкімет басшысының атап көрсетуінше, Елбасының тапсырмасымен бюджеттік комиссияның таяудағы отырысында әскери қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру мәселесі қаралады. Ондағы мақсат- 2005-жылғы бюджетте аталмыш мақсатты жүзеге асыруға қажетті қаржы көздерін қарастыру болмақ.
Жалпы алғанда, Д.Ахметовтың атап көрсетуінше, "үкіметтің барша іс-қызметі халықтың әлеуметтік мұң-мұқтажын шешуге бағытталады".