Еңбек министрлігі "Көші-қон туралы" жаңа заңның жобасын жасауда

"Біз қазір Әділет министрлігімен бірлесіп көші-қон жөніндегі жаңа заңның жобасын жасайтын жұмыс тобын құрып жатырмыз", - деді Б. Сапарбаев.

Отырыста сөз сөйлеген ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, "көші-қон мәселесін реттейтін заңнаманы жетілдіріп, онда көші-қон мәселелерін реттеуші мемлекеттік органдардың функцияларын реттеуді қарастыру және ішкі көші-қон саласындағы қарым-қатырастарды ретету шарттары мен тәртіптерін нақтылауға бағыттау қажет".

"Еліміздегі заңнамалық актілерде көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты жасау жөніндегі функциялар қарастырылмаған. Қолданыстағы заңнаманың нормалары ескірген, өйткені, олар ішкі және сыртқы көші-қонды реттеуге қатысты барлық мәселелерді қамтымайды", - деді ол.

Мәселен, Б. Сұлтановтың айтқанындай, "Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеуге салынған шектеуді алып тастау салдарынан, айталық, Алматы қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бір мекенжайға 50-80 азамат тіркелуде". "Сонымен бірге, мұндай әрекеттер ІІМ жүйесіндегі көші-қон ағындары бойынша мәліметтер базасының жоғалуына алып келді", - деді министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті