Еңбек министрлігі орташа зейнетақы сомасын атады

Бірінші сәуірдегі жағдай бойынша елімізде 2 миллион 245,6 мыңнан астам зейнеткер бар, деп хабарлайды  caravan.kz медиа порталы Sputnir.kz-ке сілтеме жасап.

"1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 704,9 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. 2022 жылғы наурызда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,8 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,4 миллиард теңге бөлінді", - делінген ақпаратта.

2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 105 344 теңгені құрады.


Айта кетері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескеріп, әр алушыға жеке тағайындалады