Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жазба авторы әлеуметтік желіде енді ерлер 61 жастан, әйелдер 57 жастан зейнетке шығатынын айтқан.
"Мессенджер мен әлеуметтік желіде Қазақстанда зейнет жасының өзгеруі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ер адамдар 63 жаста, әйел адамдар 59 жарым жасында зейнетке шығады", - дейді министрліктің баспасөз қызметінің өкілдері.
Ведомство мәліметінше, Қазақстан азаматтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты жеткілікті болған жағдайда зейнетақы аннуитеті құқығын пайдалана алады (зейнет жасына жеткенге дейін шығу). Зейнетақы аннуитеті ерлер үшін 55 жас, әйелдер үшін 51 жарым жыл. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтар 50 жастан бастап зейнетақы аннуитетін пайдалана алады.
"Азаматтардан фейк жаңалықтарға мән бермеуін, тек ресми жаңалықтарды бақылауын сұраймыз. Еске салайық, жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады", -
дейді ведомство өкілдері.