"Бұл тұжырымдама қазіргі уақыт талабына сай келеді. Онда заңды және заңсыз көші-қонға қатысты мәселелерді шешудің басты бағыттары реттеледі",- деді Ж.Әбдиев.
Ол бүгінге дейін елімізде 2000-2005-жылдар аралығына есептелген көші-қон саясатының тұжырымдамасы жұмыс істеп келенін еске салды. "Бұл тұжырымдама өз өзектілігінен айрылды", деді ол. "БҰҰ сарапшыларының бағалауынша, Қазақстан көші-қон процесстері бойынша түрлі елдер арасында 15-ші орынға ие болған. Ал 2006-жылдың қорытындысы бойынша Әлемдік банк Қазақстанға 9-орын берді",- деді Ж.Әбдиев.
"Сөйтіп, еліміз аса ауқымды көші-қон нысанына айналды. Көші-қон саясатының жаңа заманауи тұжырымдамасын қабылдауға осы жайт себеп болды",- деді ол.
Кездесу барысында депутаттарға таныстырылған көші-қон комитетінің анықтамалық материалдарында атап көрсетілгеніндей, 2007-2015-жылға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасы "елімізді әлеуметтік-экономикалық дамытудың "Қазақстан-2030" ұзақ мерзімді стратегиясына негізделген" және ол мемлекет басшысының жолдауына сәйкес көші-қон саласындағы басты бағыттарды айқындайды". Тұжырымдаманың басты мақсаты "елімізде көші-қон саласын реттеудің біртұтас жүйелі және біріздендірілген нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыруға", "елімізге жоғары білімді, инновациялық, қаржылық және инвестициялық әлеуеті бар иммигранттарды тарту саласында іріктемелі саясат жүргізуге", сондай-ақ, "еліміздегі әлеуметтік-экономикалық сұранысқа сәйкес жұмыс күші нарығын реттеуге" саяды.
Комитеттің хабарлауынша, қазір тұжырымдама жобасы мүдделі мемлекеттіке органдарға келісуге жіберілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті