"Еңкейген қызға жынысыңды салып алсаң...": Түйе шешпек ойыны қырғыздарда да болғанын көрсететін фильм желіде тарады (ВИДЕО)

Тарихшы, блогер Руслан Шынтас Facebook парақшасында "эротикалық көріністегі" бұл ойынның болғаны туралы айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Ойынның шарты бойынша үстінде қалың кілем жауып, асыл бұйымдар артқан түйенің бұйдасын жалаңаш әйел тісімен шешіп жетектеп әкетуі керек. Және оған жас келіншек шығады", - деген ол. 

Автор 1849 жылы Ішкі әстер министрлігінің журналының №1 санында жарияланған "Киргизский туй" (М. Я. Киттары) атты жазбадан үзінді келтіріпті. 

"Әйелдердің қатысуымен өтетін бұл ойынға ертеде Жәңгір хан қарсы болып, қолданыстан шығарғаны туралы Сұлтан Шоқы айтты. Сұлтан жастық шағында өзі көрген "түйе шешпек" ойыны туралы өкінішпен еске алады. Мақсат ойын алаңына алып келген түйені  әйел немесе келіншек тісімен жалаңаш күйде шешіп алуы тиіс. Түйені аяқтарын көптеген түйін жасап, байлап тастайды. Бұл кезде бірқатар жастар әзілдеп тіпті бірқатар еркіндікке де бой алдырады. .... Бұл ойын Оралдың арғы жағындағы Қырғыз даласында әлі де бар. Бөкей  ордасында тек естелік түрінде ғана қалды. Жәңгірдің бұл ойынды жоюға тырысуының себептері жақсы ниеттен туған болса керек", - делінген жазбада. 

Желіде пікір білдірушілердің арасында "
Бұл ойын қалмақ пен қырғыздарда беріге дейін сақталған" деп фильмнен үзінді келтірген.
Қырғыздардың фильміндегі көріністе келген қонақтарға арнап ортаға түйе шығарып қызды жалаңаштап осы ойынды ойнатпақ болғанын аңғаруға болады. "Құрметті меймандар! Ауызекі шығармада жазылып келген ұмытылып та қалған салттарымызға назар саламыз. Эротикалық театрға көңілімізді бұрамыз. Егер құмарымды қандырамын деген еркектер болса бізде қарсылық жоқ. Еңкейген қызға жынысыңды салып алсаң түйе сенікі. Сала алмасаң қыздікі", делінген кинода. 

Loading...