Еңлік, ZAQ және Мирас Жүгінісов inDrive.Межгород жобасымен бірлесіп Қазақстан тарихындағы ең ұзақ сайфер шығарды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жоба жаңадан бастаған әртістерге үлкен сахнада өздерін көрсетуге мүмкіндік беріп, Қазақстан мәдениетінің алуантүрлігі мен бірлігін бейнелейтін бірегей музыкалық шығарма тудырды. *Сайфер – хип-хоп мәдениетінде бірнеше әртіс бір битке кезек-кезек өз куплеттерін орындайтын ұжымдық орындау түрі. inDrive.Межгород жобасы аясында сайфер ауқымы кеңіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүздеген орындаушыны бір тректе біріктірді.

Жобаны 17 шілдеде қазақстандық танымал орындаушылар Еңлік, Мирас Жүгінісов және ZAQ бастады. Жоба аясында кез келген адам қатыса алатын челлендж жарияланды. Ол үшін әркім өз қаласы туралы авторлық куплетті кез келген тілде жазып, TikTok-қа үш орындаушының бірімен дуэт ретінде #inDriveCypher хэштегімен жүктеуі керек болды. Нәтижесінде 250-ден астам адам жобаға қатысып, ел тарихындағы ең ұзақ сайфердің 35 минуттық трегінің авторлары атанды.

Тамыздың соңында жоба ұйымдастырушылары үш жеңімпазды таңдады, олар: Сапархан Пердебай (Sapar), Айдын Темірбекова (ATEM) және Сұңқар Айдынұлы (Aqsunkar). Жеңімпаздар сыйлық ретінде ZAQ, Енлік және Мирас Жүгінісовпен бірге тректің толық нұсқасын жазып, бейнебаянға түсіп шықты. "JOL" трегі адамның жолға шығуы мен өмір жолы туралы. Бұл ән үйге, адамның туған ауылына оралу туралы, әр адам үшін маңызды құндылық туралы. Ән арқылы авторлар  туған жерге оралғанда адамның кеудесін кернейтін көпшілігімізге таныс жылы сезімді жеткізгісі келді. Сондай-ақ, әр адамның өз өмір жолы бар екенін, дұрыс таңдау жасап, жан дүниенің тыныштығы мен өзіңе деген сенімділікті сақтау маңызды екенін еске салғысы келді.

Жоба жеңімпазы Сапархан Пердебай: "Мен таңғалып, бұған тіпті сенбедім, өйткені менің рэппен айналысқаныма небәрі үш ай болды. Маған коллаборация туралы хабар жеткенде қуанғаным сонша, есімнен танып қала жаздадым", – деп  өз әсерін бөлісті.

inDrive.Межгород жаһандық маркетингінің жетекшісі Валентина Куликова компанияның қашан да инновациялар мен шығармашылық бастамаларды қолдауға ұмтылатынын атап өтті:

"Ең ұзақ сайфер" жобасы – бұл тек музыкалық эксперимент қана емес, ол бүкіл Қазақстанның әр түкпіріндегі талантты адамдарды біріктіріп, оларға өзін-өзі көрсетуге арналған платформа ұсыну мүмкіндігі. Біз өз компаниямыздың рухын және елдің мәдени алуантүрлігін бейнелейтін бірегей дүние жасағанымызға мақтанамыз."

"Бұл күтпеген және бірегей жоба болды. Өзі ісін шын сүйетін адамдармен жұмыс істегеніме қуаныштымын!", – дейді қазақстандық әнші Еңлік.

Клиптің соңғы нұсқасы жақында жарық көреді, ал қазір жобаның қысқа нұсқасын YouTube-тен тамашалауға болады.