ENRC компаниясының мемлекеттік акциялар пакетінің бір бөлігін сатуға дайындау одан әрі жалғасуда

"Қазір компания қор биржасында листингтен өтті, енді одан әрі сауда-саттықты өткізу үшін Ұлыбританияның заңнамасына сәйкес, сауда-саттықтың 1,5% көлемінде герб алымын төлеу қажет", -деді Э. Өтепов. Осыған байланысты республикалық бюджеттік комиссияның қарауына 2009 жылдың бірінші тоқсанында герб алымын төлеуге 568 млн теңге бөлу жөнінде сұраныс жасалды.

"Қазір қор нарығында қалыптасып отырған ахуалды ескеріп, сату мерзімін кейінге шегеру туралы шешім қабылдаған дұрыс шығар деген ойдамыз. Кейінгі үш айда компаниялардың котировкасы 30%-ға төмендеді. Қазір акцияны сатуға емес, оны сатып алуға қолайлы уақыт", - деді ол.