ENRC Қазақстан бизнесінің дамуына 2,8 млрд АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кездесу барысында И. Ситард К. Мәсімовты корпорацияның инвестициялық стратегиясы жөнінде хабардар еткен. Оған сәйкес, ENRC Қазақстан бизнесінің дамуына 2,8 млрд АҚШ долларын бөлуді жоспарлап отыр.

"Тараптар Қазақстанның тау-кен холдингінің акцияларын Лондон қор биржасына шығару қорытындысын талқылады", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Компания басшыларының пайымдауынша, ІРО-ны табысты жүргізу және оны одан әрі қарай капиталдандыру ENRC корпорациясының Қазақстандағы инвестициялық жобаларының әрі қарай да жүзеге аса беруіне ықпал етпек.

И. Ситард ENRC акционерлерінің атынан премьер-министрге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, компанияның үкіметпен табысты қарым-қатынасы Қазақстанда бизнесті дамыта беруге, қосымша жұмыс орындарын құруға және қорытындысында тау-кен саласынан макроэкономикалық қайтарымдылықты ұлғайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.