ЕО мен ЕЭАО келешекті қалай көретіні жөнінде келісілген тоқтамға келуі тиіс

«ЕО - ЕАЭО формуласы бойынша өзара қарым-қатынастар: бизнес көзқарасы» тақырыбындағы дөңгелек үстелге  қатысты. Виктор Христенко қазіргі кезде ЕО мен ЕАЭО арасындағы, әсіресе ұзақ мерзімді өзара іс-қимылдың перспективалары жөнінде әңгіме қозғау керек, деген пікірін айтты.

Бұл туралы комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.

«ЕО мен ЕЭАО-да бүгінгі тіпті ортақ мақсаттар жоқ, - деп атап көрсетті алқа төрағасы. - Алайда, бірлесе отырып, болашақты қалай көретіндері жайында келісіп алмайынша, алға жылжуға болмайды. Кез келген қиындық еңсерілмейтін проблема болып көрінуі мүмкін. Бір мақсат, қозғалыстың түсінікті жолы бұрынғы ескі еңсерілмейтіндей проблемаға мүлдем басқаша тұрғыдан қарап, оларды жұмыс тәртібімен шешуге мүмкіндік береді».

Ол Еуропалық одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері арасындағы диалогтың елеулі бөлігі қазіргі кезде Еуразиялық экономикалық комиссия деңгейіндегі ұлтүстілік құзыретке берілгенін айтты. ЕЭК алқасының төрағасы бұның дұрыс қадам болғанын атап өтті.

 «ЕАЭО-ның заңнамалық базасы ДСҰ нормалары мен ережелеріне негізделген және әлемдік практиканың таңдаулы үлгілерін, соның ішінде Еуропалық одақ тәжірибесін қамтуды көздейді. Мұндай терең ықпалдастықтың басқа мысалы жоқ. Осы көзқараспен қарағанда, ЕЭАО экономикалық кеңістігі «Лиссабоннан Владивостокқа дейінгі» жобаларды жүзеге асыруға неғұрлым дайын. ЕАЭО - жаһандық реттеу, кеңістік нормаларына сәйкесс келуі жағынан алғанда кеңейген және барынша үйлестірілген  экономикалық ұйым», - деп атап өтті Виктор христенко.

Оның пікірінше, ЕО мен ЕАЭО арасындағы өзара тиімді іс-қимылға көшу үшін Еуропалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында бизнесті бұл жұмысқа тартуға институционалдырылған диалог жетіспейді. Сондықтан да осы екі экономикалық ұйым арасындағы жұмысты мақсаттарымыздың ортақ түсінігі мен дамуымыздың міндеттерін қалыптастырудан бастаған жөн», - деген ұсыныс айтты В.Христенко.


Дөңгелек үстелдің модераторы Бүкіләлемдік экономикалық форум  басшылық тобының мүшесі Мартина Ларкин болды. Дөңгелек үстелдің тең төрағалары - «РосНАНО» ЖШҚ басқарма төрағасы  Анатолий Чубайс пен Carlsberg AS басқарушы директоры Кис т'Харт.