ЕО Қазақстанмен болат бойынша жаңа келісімге қол қойылады депген үмітте

«Біз жаңа келісімге қол қойылып, барлық мәселелер, әсіресе металл сынықтарына қатысты мәселелер шешіледі деп үміттенеміз», -деді Н. Жюстен дүйсенбі күні тау-металлургия конгресінде.

«Бізде бұрын Қазақстанмен болат бойынша келісім болған, оның мерзімі бітіп қалды, әзірге бізде жаңа келісім әзірлеп, қол қоятын уақыт жоқ. Бірақ бұл көзқарастар қайшылығына байланысты болды», - деді ол.

Сондай-ақ, Н. Жюстен ЕО ашық сауда саясатын қолдайтынын, төмен тарифтер саясатын қорғайтынын атап өтті.