ЕО Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша келіссөздер аяқталғанын оң бағалайды

«Еуропалық одақ ұзақ жылдық мақсаттарға қол жеткізуде маңызды рөлге ие болды, енді ДСҰ-ның Бас кеңесі  саяси жағынан бірауыздан мақұлдайтынына сенім артады», - деп атап өтілген ЕО хабарламасында.

Бұл шешім Қазақстанға жан-жақты сауда жүйесінің толыққанды мүшесі ретінде ағымдағы жылғы желтоқсанда   өтетін ДСҰ  министрлер  конференциясына қатысуға мүмкіндік беретіні атап өтіледі.

«Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі екі жақты экономикалық ынтымақтастық жағынан да маңызды болып табылады», - делінген Еуроодақ мәлімдемесінде.