ЕО ҚР-дағы сайлау халықаралық стандарттарға сәйкес өтетініне сенеді - Латвия СІМ басшысы

«Президенттік сайлауды қашан өткізу - бұл Қазақстанның өз шешімі. Бұл Еуроодақ немесе үшінші мемлекеттер араласатын шаруа емес. Бұл Қазақстанның өзінің ішкі ісі», - деді Эдгарс Ринкевичс.

Латвия сыртқы саясат ведомствосының басшысы Еуроодақ ҚР-дағы президенттік сайлау халықаралық стандарттарға сәйкес және халықаралық ұйымдар байқаушыларының қатысуымен өтетініне сенім білдіреді, деп қосты.

«Мен ішкі саяси үдерістер Еуроодақ-Қазақстан қатынастарына немесе Еуроодақ мүшелері мен Қазақстан арасындағы қатынастарға ешқандайда ықпал етуі тиіс емес екенін айтқым келеді», - деп сөзін қорытындылары Эдгарс Ринкевичс.