ЕО Украинаға 1,6 млрд еуро қаржылай көмек көрсетпек


Бұл турады Еуропалық комиссия басшысы Жозе Мануэл Баррозу Брюссельде бейресми кешкі ас қорытындысы бойынша мәлімдеді.

«Біз Украинаға 1,6 млрд еуро мөлшерінде макроқаржылық көмек көрсету жөніндегі бағдарламаны аяқтадық және билік институттары құрылысына қолұшын беру бойынша 355 млн еуро бөлу бойынша келісімшарт дайындадық», дейді ол.