Бұл шешімді Еуропарламент таяуда өткен отырыс барысында мақұлдады.
ЕО елдері аумағында ұялы телефондарға арналған әмбебап зарядтағыш құрал енгізу жоспары туралы Брюссельде 2011 жылы-ақ айтылған болатын. Ол кезде әмбебап стандартты құралға қатысты Samsung, Sony Ericsson, Nokia мақұлдау білдірген. Алайда бұл жоспар ақырында жүзеге аспады.