деп Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.
«Жаңа зауыт салынады, қазір Еуропалық қайта құру және даму банкімен жоба қарастырылуда, олар Алматыда жаңа зауыт құрылысын қаржыландыруға дайын», - деп министр бүгін үкімет отырысы арасындағы үзілісте журналистерге мәлімдеді.
Ол осы нысан құрылысының мерзімі мен қаржыландыру мөлшерін нақты айтпады.
Министр бұрынғы қоқыс өңдеу зауытының қаңтарылып тұрғанына үш жыл болғанын еске салды. «Менің білуімше, ол банкрот болу сатысында, несие берген банк жұмыс істемейтін зауыттың меншік иесі болып табылатын сыңайда», - дейді ол.
Зауыт осылай жұмыс істемей тқра беретін сияқты, дейді министр.