Ол мемлекет басшысы жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысына тең төраға ретінде қатыспақ, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
«9-13-маусым аралығында жоспарланған сапарында сэр Сума Чакрабарти инвестиция тарту және елдегі инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған реформаларды ынталандыру жөніндегі жаңа бастаманы талқылауға қатысады. Сонымен қатар, ол президент Нұрсұлтан Назарбаевпен 12-маусым күні Бурабай қаласында өтетін Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысына төрағалық етпек», - делінген хабарламада.
9-10-маусымда ЕҚДБ президенті Алдматы қаласына атбасын тірейді. Сапар барысында шаһар кімдігімен энергетикалық тиімділікті арттыру мақсатында көшелерді жарықтандыру жүйесін жаңғырту жобасына қаржы бөлу жөнінде келісім бекітілмек. 11-маусымда С.Чакрабарти Қызылорда қаласында болып, Аймақтық даму министрімен және облыс әкімімен кездеседі. Сондай-ақ, банк басшысы ЕҚДБ клиенттерімен және серіктестерімен де кездесуді жоспарлап отыр.