ЕҚҚДБ инвестициялары Қазақстанға тартылмақ


Тбилисиде өткен дәстүрлі банктер жиынында қазақстандық делегация серіктестеріне инвестициялық мүмкіндіктері жөнінде баяндады. 

 Грузия жерінде басталған келіссөздер Астанада өтетін форумда нәтижелі жалғасын табатын болады, - деп хабарлайды 24.kz..

Еуропалық қайта құру және даму банкі департаментінің директоры Аида Ситдикованың айтуынша, Астана экономикалық форумы байланыс құрудың қосымша алаңы болып табылады.

«Бүгінгі таңда ел билігі жасыл экономика, энерготиімділік, баламалы энергия көздерін қолдау қажеттігін түсініп отырғаны бізді қуантады. Осыған байланысты біз бірнеше жобаны қолға алуға дайынбыз. Өткен жылы Ерейментаудағы жел энергетикасын дамыту жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды. Биыл күн энергетикасына байланысты жобаны іске асырамыз деген сенімдеміз»,-дейді департамент директоры.