ЕҚҚДБ мен JP Morgan өкілдері әлемдік дағдарыстың Қазақстан экономикасына тигізген әсерін болымсыз деп есептейді

"Біздің ойымызша, қазіргі күні көріп отырған қиыншылықтарына қарамастан Қазақстан табысты дамуын жалғастырады. Жағдай оңтайлы шешіледі деген ойдамын", - деп толықтырды ол.

Өз кезегінде Ж. Лемьер республиканың банк секторында қалыптасқан жағдай жақсы реттелгенін атап көрсетті. "Ел президентімен кездесу кезінде біз осы Қазақстанда болуы мүмкін болашақ жайында, оның ішінде инфрақұрылымға, жекеменшік секторға, электр энергиясын өндіруге салынар инвестиция жайлы әңгімелестік. Бұл экономиканы дамытып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бермек", - деді ЕҚҚДБ басшысы.