ЕҚЫҰ Әзербайжанға президенттік сайлау өткізуге көмектеседі

"Біз осы сайлау әлемдегі ең жоғарғы стандарттарға сай болуы үшін үкіметпен және қоғамның әртүрлі бөлігімен аса белсенді байланыстарда боламыз. Жұмысты бастауға әлі де бір жыл уақыт бар. Осы уақыт ішінде өз күшімізді жұмылдырып, қажетті заңдарды қабылдауға, оларға өзгерістер енгізуге қол жеткізуге тырысамыз", - деді М. де Бришамбо.

"Әзербайжан өсу мен дамудың үлгісі. Біз бірқатар уақыт өткеннен кейін Әзербайжан Республикасының Еуропадағы барлық құндылықтарды біріктірген мемлекетке айналатынына сенеміз", - деп атап өтті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының бас хатшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті