Бұл туралы бейсенбіде жария етілген ЕҚЫҰ хабарламасында атап өтілген. Әзірбайжан қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, 12-қараша күні жергілікті сағат 13:45-де Армения қарулы күштеріне тиесілі Ми-24 ұшағы әзірбайжан армиясы бекінген жерлерге шабуыл жасамақ болған. Жауап ретінде әзірбайжан жағы оқ атып, тікұшақты құлатқан.
Өзін -өзі жария еткен Нагор-Қарабах республикасы қорғаныс министрлігі сәрсенбіде әзірбайжан ұшағы НКР қарулы күштерінің Ми-24 ұшағын жойды, деп хабарлады. НКР қорғаныс министрлігінің ресми сайтындағы ақпаратқа қарағанда, тікұшақ жаттығу мақсатында ұшырылған.
Артынан НКР президентінің баспасөз хатшысы Давид Бабаян де құлатылған ұшақ әскери болған жоқ, деп мәлімдеді.
БАҚ тікұшақтың қирауы салдарынан үш адам қаза болды, деп хабарлауда.