Ол Астанада өткен баспасөз мәслихатында: "бұл үлкен дипломатиялық жеңіс", - деп мәлімдеді .
Д. Назарбаева "Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық ету мәселесінде екі ірі мемлекет- АҚШ пен Ұлыбритания ең басты оппонент болды", дейді.
Бірақ, қазіргі жағдайда "жуырда ғана ЕҚЫҰ-ына тең құқылы мүше болған балғын әрі жас республика өзінің үлкен ұмтылысын байқатуы" бұрын-соңды болмаған жайт болды, деп атап өтті конгресс төрайымы.
"Ең үлкен жетістік - ТМД мемлекеттерінің бірігіп, Қазақстан біздің ортақ үміткеріміз деп атауы. Шын мәнісінде ЕҚЫҰ-ына мүше мемлекеттердің жартысынан көбі сөзсіз біздің кандидатурамызды қолдайды", деп атап өтті Д.Назарбаева.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті