"ЕҚЫҰ мүшелерінің барлығының ұстанымы біреу - біз Грузияның аумақтық тұтастығын сақтауымыз керек. Ешкім де аумақтық тұтастыққа қол сұқпауы керек", - деп мәлімдеді Й. Леннмаркер.
Ол БҰҰ Абхазия жөніндегі шешім қабылдауға, ал ЕҚЫҰ соның қалай жүзеге асатына жауап беретінін еске салды. "Біз келісімді, осы қақтығыстың шешімін тапқымыз келеді", - деп атап өтті ЕҚЫҰ ПА төрағасы.
"Алайда, ең бастысы - Грузия мен ЕҚЫҰ басқа да мүшелерінің аумақтық тұтастығын сақтау болып табылады", - деп атап көрсетті ол.