"ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы ұйымға мүше елдердің ұлттық парламенттерін Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту үшін әскери және гуманитарлық жарналар көлемін ұлғайтуға өз үкіметтерін көндіруге шақырады", -делінген құжатта.
"Ассамблея, сондай-ақ, ұлттық парламенттерге Ауғанстанды қалпына келтіру және дамытуға қатысты өз үкіметтерінің саяси ерік-жігерін және Ауғанстан үкіметі тарапынан басқарылатын, ұйымдастырылатын саяси келіссөздерді қолдауды нұсқайды".
Бұған қоса, Ассамблея ЕҚЫҰ-ын Ауғанстанда 2009-2010 жылдары өтеді деп межеленген президенттік және парламент сайлауларына дайындалуға, сондай-ақ, сайлауды бақылаушы миссияны ұйымдастыру қажеттігі туындаған жағдайда ұйым тарапынан көмек көрсету мүмкіндіктерін зерттеуге шақырады.
ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы өз резолюциясында қатысушы елдердің үкіметтерін халықаралық жарнаға қатысты міндеттемелерін, әсіресе, Ауғанстанға донорлық көмек көрсету мен әскери миссияға қатысты міндеттемелерін толық орындауға шақырады.