"ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы ұйымға қатысушы елдерді қоршаған ортаны қорғау стратегиясының тұрақтылығын қолдау үшін су ресурстарын тиімді пайдалануға шақырады", - делінген резолюцияда.
ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы "ЕҚЫҰ-ына мүше елдерге Қоршаған орта және қауіпсіздік жөніндегі 2007 жылғы Мадрид декларациясын орындауға қажетті шараларды қолдану мен жүзеге асыруды нұсқайды".
"ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы ЕҚЫҰ-ына мүше елдерге өзінің ұлттық, өңірлік және жергілікті заңдарында ауыз суды қорғау саласындағы көп деңгейлі шектеулер стратегиясын қабылдауды, осы орайда бүкіл ЕҚЫҰ кеңістігінде тұратын халықтың ауыз суға қол жеткізе алуы үшін жер асты суларының деңгейіне баса назар аударуды нұсқайды", - делінген резолюцияда.