ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы ұйымға қатысушы мемлекеттерге кассеталы оқ-дәрілерді жоюды ұсынады

"Ассамблея ұйымға қатысушы мемлекеттерге өз қарамағындағы немесе бақылауындағы барлық кассеталы оқ-дәрілерді 2008 жылдың 30 мамырында Дублинде қабылданған кассеталы оқ-дәрілер туралы конвенцияның талаптарына сәйкес жоюды немесе жоюды қамтамасыз етуді ұсынады", - делінген құжатта.

Осыған байланысты қатыушы елдерге " кассеталы оқ-дәрілерді пайдалану, жасау, өндіру, сатып алу, қорын жинау, сақтау немесе жалғастыруға тыйым салу бағыттында барлық тиісті ұлттық шараларды" қолдану ұсынылған. "Ассамблея ұйымға мүше елдерді 2008 жылдың 30 мамырында БҰҰ мүше елдердің басым бөлігі Дублинде қабылдаған кассеталы оқ-дәрілер туралы конвенцияға тез арада бірігуге және оған Осло қаласында 2008 жылдың желтоқсан айында қол қоюға міндеттеме жүктеп алуға шақырады", -делінген резолюцияда.