ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы ұйымның сайлауларды бақылау іс-қызметін жетілдіре және түзете түсу қажеттігін мойындайды

"Ассамблея сайлауларды бақылау іс-қызметін жетілдіре және түзете түсу қажеттігін атап көрсетеді", -делінген декларация мәтінінде.

ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы өз қатысушыларын ЕҚЫҰ-ның сайлауларды бақылау жөніндегі миссияларына 1997 -жылғы ынтымақтастық жөніндегі келісімге сәйкес саяси басшылықпен қамтамасыз етуді одан әрі жалғастыруға шақырады.