ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының жаңа төрағасы болып Жоао Соареш сайланды

"ЕҚЫҰ жаңа Еуропа, жаңа Орталық Азия мен Кавказды құруда аса елеулі роль атқарды. Біз Венадан шығысқа қарай да, батысқа қарай да барлық бағытта өз жұмысымызды жетілдіре түспекшіміз, біз Балқандағы жағдайды қадағалап отырмыз, біз АҚШ-тағы кезекті сайлауға өз бақылаушыларымызды жібермек ниеттеміз", - деді Ж. Соареш баспасөз мәслихаты барысында.

"Хельсинки принциптеріне бағыну және тараптар арасындағы бөгеттерді бұзу - біз келешекте шешетін аса маңызды мақсат", -деді ол.

"Мен ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының бұған дейінгі төрағасы Йоран Леннмаркердің біз "әскери шиеленістерді уақытша ғана тоқтатып қоймай, оларды басқара шешуге тиіспіз" деген пікірін қолдаймын", - деді жаңа төраға. "Әрине, мен бұл бағытта таңғажайыптарды жүзеге асыра алмаймын, бірақ бұл мәселеде біз қолымыздан келгенді жасап бағамыз", - деді ол.

"Біз түрлі идеялар арасында диалог орнатамыз, біздің ұйымның бір артықшылығы сол. Біз өзіміздің Орталық Азиядағы іс-қызметімізді кеңейтуге тиіс екенімізді түсінеміз. Мүмкін жағдайларда оны жасамақ ниеттеміз", - деді Ж. Соареш.