ЕҚЫҰ Қазақстанда алқа билер институтын жетілдіру жөнінде нұсқаулар дайындады

"ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы бүгін "Қазақстанда алқа билердің қатысуымен өткен сот мәжілістеріне мониторинг жүргізу" атты жоба бойынша алдын-ала есептің тұсаукесерін өткізді", - деді ол. "Есепте көрсетілген ұсыныстарды соттар мен барлқы мүдделі органдар жан-жақты талқылайды", - деді Қ.Мәми.

Құжатта жалпы алғанда Қазақстанда алқа билер институтын жетілдіру жөнінде 40 нұсқау берілген.

ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының сарапшысы Данияр Қанафиннің нақтылауынша, 2007 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығындағы мониторинг барысында 10 облыс пен Алматы және Астана қалаларында арнайы дайындалған байқаушылар 28 процеске барған. Олар сондай-ақ, Қазақстанның 10 облысында алқа билердің тізімін жасау тәжірибесін зерттеді. Жалпы осы мерзімде елде алқа билердің қатысуымен 40 сот мәжілісі өтті.