Оның хабарлауынша, бүгінде жаңадан ашылған газетке түсетін қазақ тіліндегі материалдар, ең бірінші, орысшаға, одан кейін ағылшын тіліне аударылады. «Бұл - мәжбүрлік схемасы. Себебі бізде қазақ тілінен тікелей ағылшын тіліне аудара алатын кәсіби мамандар жетіспейді. Алдағы уақытта біз ондай мамандарды жұмысқа тарту арқылы бұл мәселені шешеміз деп ойлаймын», - дейді С.Әбдірахманов.
С.Әбдірахманов атап көрсеткендей, ЕҚЫҰ Саммиті, Азиада және тағы басқа үлкен халықаралық жиындарға орай шығатын «The Astana Times» газетінің бүгінгі таралымы 6 мың дананы құрап отыр.