"Мәселе әдеттегідей өте күрделі күйінде қалып отыр. Дәл қазір нақты бір жауап беру қиын", - деді депутаттар сауалына жауап берген А.Пуполс.
"Бүгінгі күні елдердің позициясына қатысты бірдеме айту қиын, дейтұрғанмен, көзқарас өзгере бастады деген белгі бар", - деді ол.
"Қазір өкілдер арасында аса қарқынды келіссөздер жүргізіліп жатыр. Көптеген елдердің қалай қимылдайтындығы жөніндегі позициясы айқын емес", -деді ЕҚЫҰ өкілі.
"Мәселен, ЕҚЫҰ аясында қазір Венадан шығыс пен батысқа қарай орналасқан елдер арасында келіспеушіліктер мен түрлі пікірлер бар. Сол себепті ЕҚЫҰ-ның біртұтас стратегиясын құру мүмкін болмай отыр", - деді А.Пуполс.
Осы орайда А.Пуполс Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауы "батыс пен шығыстың арасындағы сенімділікті арттыру тұрғысынан пайда әкелуі мүмкін" деген пікір білдірді.