"Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның құндылықтары мен стандарттарын ұстанатынымыз шүбәсіз. Еліміз Еуропада болсын, Азияда болсын қауіпсіздік және сенім шараларын нығайтуға ықпал ететін ірі өңірлік ұйымдардың қатысушысы болып отыр", - деді Қ. Тоқаев.
"Сонымен бірге, Қазақстан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті өткізеді. Қазіргі таңда еліміз өңірлік тұрақтылықты нығайтуда айрықша рөл атқарып, Орта Азияның тұрақты даму және қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне айтарлықтай үлес қосуда", - деп еске салды ол.
"Біздің мақсатымыз өркениеттер диалогындағы Батыс пен Шығыстың байланыстырушы буыны ретінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын нығайту болып табылады. Біз діни төзімсіздік пен нәсілшілдіктің барлық түрлерімен күрестегі ЕҚЫҰ-ның жасаған жұмыстарын жалғастыруды көздеп отырмыз", - деп сөзін жалғастырды ол. "Қазақстан ЕҚЫҰ мандатының үш кеңістігін, атап айтқанда, саяси-әскери, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық мандаттарын дамытуда белсенді жұмыс істеуде", - деп атап көрсетті Қ. Тоқаев.
Осыған байланысты, оның пайымдауынша, Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі туралы шешім елдегі демократиялық институттардың нығаюы мен дамуын халықаралық қоғамдастықтың сөзсіз мойындауы болып табылады. "Бұл үрдіс қайта айналмайды. Қазақстан экономикалық және саяси реформалардың жолына нық қадам басты", - деп сендірді ЕҚЫҰ жоғарғы өкілдер палатасының төрағасы.