ЕҚЫҰ-ын саяси диалог және демократияның негізгі құндылықтарын алға жылжыту құралы ретінде пайдаланған дұрыс - Леннмаркер

"Қазіргі уақытта ЕҚЫҰ өңірі көптеген қатерлердің алдында тұр. Біз ұйымымызды саяси диалог және демократияның негізгі құндылықтарын алға жылжыту, адам құқықтарын қорғау мен заңның ұлықтылығының құралы ретінде пайдалануымыз керек. Осы басты құндылықтар біздің кез келген әрекеттеріміздің негізі болуға тиісті және біз оны күнделікті саяси өмірімізде, ұлттық және халықаралық дәрежелерде бұдан да айқын көрсетуіміз керек", - деді Й. Леннмаркер.