Ер адам алып кобраға үйленді


Daily Mail порталының мәліметі бойынша ер адам өзінің қайтыс болған қалыңдығының реанкарнация арқылы жыланға айналғанына сенеді екен. Ол өзінің сүйіктісінен 5 жыл бұрын айырылған екен. Сондай-ақ оның айтуынша, өзінің үйінде тұратын әбжылан оның бұрынғы сүйіктісінен айнымайды екен. Ер адам бақилық болған қалыңдығының жыланға айналғандығына сенетіні соншалықты, тіпті оған үйленген. Қазір екеуі әрдайым бірге. Олар жаттығу залына, паркке қыдыруға бірге барып, теледидар көріп, тіпті бірге ұйықтайтын көрінеді.